ШҚО-да тұрғынның пәтеріне ұрлыққа түскен азамат құрықталды
ШҚО-да тұрғынның пәтеріне ұрлыққа түскен азамат құрықталды,, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Глубокое АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі пәтер ұрлығы туралы өтінішпен жүгінген.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар балконның есігін қысу арқылы ашып, оның үйіне кіріп, ақша мен мүлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңгеден асты.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктіден заттай айғақтарды тәркіледі.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.