Көлік полицейлері елордалық тұрғыннан 7 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі
Көлік полицейлері елордалық тұрғыннан 7 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының Аспара – Құмөзек аралығында Астана қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған азаматтан жалпы салмағы 7,2 келіден астам, яғни аса ірі мөлшерде кептірілмеген марихуана табылып, тәркіленген.
Қылмыстық ниеті бар ұсталған адам 8 қыркүйекке қараған түні Астана қаласынан Шу қаласына келіп, Шу ауданынан есірткі затын теріп, өзімен бірге Астана қаласына алып кетпекші болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен тергеу басталды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.