Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пәтер ұрысы «ізін суытпай» қолға түсті

Алматыда пәтер ұрысы «ізін суытпай» қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы пәтер ұрысын «ізін суытпай» ұстады.

– Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, белгісіз біреу пәтерге терезе арқылы кіріп, алтын бұйымдар мен түрлі заттарды алып кеткен. Қылмыс Бурундайская көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелген. Материалдық шығын 100 мың теңгеден асты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны, 26 жастағы М.есімді азамат ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталған адамның «қызметінің» ықтимал қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар жүргізілуде, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру