Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер еріктілермен бірлесіп, 200-ден астам граффити-жазуды жойды

Жамбылдық полицейлер еріктілермен бірлесіп, 200-ден астам граффити-жазуды жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында Жамбыл облысының полиция департаменті ЕҚІҚБ қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити-жазуларды жою мақсатында «Біз есірткіге қарсымыз» атты іс- шараны ұдайы ұйымдастырады.

25 қыркүйекте Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен осындай кезекті іс-шара өтті.

Осы жылдың басынан бері қала бойынша барлығы 205 жазба жойылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері «Тelegram» әлеуметтік желісінде жұмыс жасайтын сайттарға мониторинг жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Осылайша 670 интернет-сайт анықталды. Қазіргі таңда арналар бұғатталды, сайттар мен жазбаларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

– 2020 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енген Қазақстан Республикасы ҚК-нің 299-1-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша граффити-жазбалар жазғаны және компьютерлік желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін жаза қарастырылған.

Есірткі заттарын өткізу бойынша жазба қалдырған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген, осы баптың диспозициясына сәйкес, 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беретін мекемелерде есірткі заттарын сатқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан шектеу жазасы көзделеді, – деп атап көрсетті облыс ПД ЕҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру