Шымкентте «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Шымкентте «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қыркүйектен бастап «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жалпы, іс-шараға 522 полиция қызметкері жұмылдырылып, жергілікті сот орындаушыларымен бірге рейд ұйымдастырды. Тексеріс барысында айыппұлын төлемей жүрген азаматтардың көліктері тоқтатылып, 7 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Алты тәулік ішінде айыппұлы бар 11254 азаматқа ескерту жасалды.
Жеке сот орындаушылар палатасына тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін 5192 қаулы өндіруге жолданды.
Сондай-ақ жол қозғалыс ережелерінің талаптарын сақтамаған 101 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.