Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады

Жамбыл облысының ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысының ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Бұл күні Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Жәнібек Қосжанов ардегер Қайрат Масатбаевтың үйіне барып қайтты. Жылы жүздесуде Жәнібек Қосжанов әрбір ардагердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері сондай-ақ тәлім-тәрбиелері бүгінгі жастарға қашанда үлгі болып қала беретінін атап өтті.

– Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз бүгінгі жас қызметкерлерге қашанда үлгі. Себебі сіздер егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қостыңыздар. Бүгінгі күнге дейін талай жасты тәрбиелеп, лайықты ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Ал қазір бейнеттің зейнетін көріп отырған осынау шақта да тәжірибелеріңізді бөлісуден шаршамай келесіздер. Қазыналы қариямыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер. Мерекелеріңізбен, – деді Ж.Қосжанов.

Айта кетейік, сала ардагері Қайрат Масатбаевтың – ҚАЖ саласында 32 жыл қызмет еткен майталман маман. Он жыл бұрын зейнетке шыққан саналы ғұмырын, яғни 18 жасынан бастап 54 жасына дейін қоғам тыныштығын күзетуге арнаған. Бүгінде Қайрат Масатбаев ұл-қыздарынан бірнеше немере сүйіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру