Семейде полицейлер автомобиль жолдарын тексереді
Семейде полицейлер автомобиль жолдарын тексереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көше-жол желісі қажетті жол инфрақұрылымымен және жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарымен жабдықталуының арқасында қауіпсіз болуы тиіс. Полицейлер мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп жолдардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді.
Ерекше бақылауда қыс мезгіліндегі жолдардың жай-күйі болмақ. Бұл қар тазалау техникасының үйлесімді және үздіксіз жұмыс істеуі, жол төсемін көктайғаққа қарсы материалмен уақытылы себу, қардан қорғау құрылғыларын орнату қамтамасыз етілетін кезең. Бұл апат жағдайына әсер ететін факторлар, яғни жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына.
Осы жылы 425-ке жуық зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша 486-дан астам нұсқама толтырылды. Белгіленген талаптарды орындамағаны үшін 29 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.