Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында теміржолшы жігіт рельс құрылғыларын ұрлаумен айналысқан

Ақтөбе облысында теміржолшы жігіт рельс құрылғыларын ұрлаумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың мамыр, қазан айлары аралығында белгісіз тұлға Мұғалжар ауданының Ембі қаласынан 16 километр қашықтықта орналасқан теміржолдан рельс бекіткіш құралдарды ұрлаған. Барлығы 132 дана көлеміндегі құрылғының ұрлануы салдарынан 39 жастағы жеке кәсіпкерге келтірілген залал сомасы 700 мың теңгеден асты.

Бұл дерек бойынша 12 қазанда жәбірленуші Ембі қалалық полиция бөліміне арызданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ұрланған заттарды ол металл қабылдау пунктіне тапсырғаны белгілі болды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру барысында күдіктінің аудандағы басқа теміржол мекемесінде жұмыс жасайтыны, сондықтан оған теміржол рельстерінен ұрлықтан қорғауға арналған механикалық құрылғыларды арнайы кілттермен шешіп алу қиындық тудырмағаны анықталды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру