Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері оқушыларға есірткінің заңсыз айналымына қатысы үшін жауапкершілік бар екенін еске салды

Жетісу облысының полицейлері оқушыларға есірткінің заңсыз айналымына қатысы үшін жауапкершілік бар екенін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды” іске асыру шеңберінде, Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің (Абай атындағы № 1 орта мектебі, Д.Рақышев атындағы №3 мектеп-интернаты, № 4 орта мектебі, М.Ломоносов атындағы № 5 орта мектебі, А.Макаренко атындағы № 6, С.Мұратбеков атындағы № 9, № 29 орта мектептері) оқушыларымен кездесті. Шараға 1000-ға жуық оқушы қатысты.

Оқушылармен ашық диалогқа сондай-ақ облыстық Қоғамдық даму басқармасының адамгершілік-құқықтық жұмыс жөніндегі менторлары мен психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері қатысты.

Оқушылармен есірткіге қарсы тақырыптағы бейнероликтерді көрсету арқылы профилактикалық дәрістер өткізілді. ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптарында көзделген есірткі заттарын заңсыз сақтау мен таратуға, оның ішінде есірткіні интернет-ресурстар арқылы насихаттау мен заңсыз жарнамалауға құқықтық жауапкершілік түсіндірілді, бұл қылмыстық заңнаманың 299-1-баптарында айтылған.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – түрлі есірткілер мен темекі қоспаларын қолданудың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру