Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте сыйлық дүкенінде заңсыз діни мазмұндағы кітаптар сатқан азамат анықталды

Шымкентте сыйлық дүкенінде заңсыз діни мазмұндағы кітаптар сатқан азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Келіншек қаладағы сыйлық дүкендерінің бірінде діни мазмұндағы әдеби кітаптарды сатумен айналысқан.

Полицейлер заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі (ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Саудаға шығарылған кітаптар тәркіленді.

Сот шешімімен сатушыға 120 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру