Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бұзақылық ниетпен өзгенің көлігін бүлдірген азамат ұсталды

Ақтөбеде бұзақылық ниетпен өзгенің көлігін бүлдірген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда түнгі уақытта Ақтөбе қаласында Алға ауданының 24 жастағы тұрғыны бұзақылық ниетпен, еш себепсіз асүй пышағын сұғу арқылы бөтеннің Lada Granta автокөлігінің 4 дөңгелегін жарып, алдыңғы терезесін сындырған.

36 жастағы көлік иесі автокөлігін үйінің қасына тұраққа қалдырып, бүлінгенін таңертең көрген. Бұзақылық салдарынан ақтөбелікке келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті кінәсін мойындады. Ол өз әрекетін алкогольдік мас күйде болғандықтан, бақылай алмағанын жеткізді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру