Ақмола облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 132 ЖКО тіркелді
Ақмола облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 132 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қарашада сағат 02:00-де Бурабай ауданында Астана – Петропавл автожолының 259-шы шақырымында Hyundai Tucson автокөлік жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан атты қағып кеткен. Айта кету керек, автокөліктің салонында екі кәмелетке толмаған бала және әртүрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жатқызылған жүргізушінің жұбайы болған. Қуанышқа орай, балалар зардап шеккен жоқ.
Ақмола облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 132 ЖКО тіркелді, 163 бала түрлі жарақат алды.
Бірақ бұл қайғылы оқиғалардың көпшілігінің алдын алуға және болдырмауға болар еді, егер автокөлікте балаларды тасымалдаудың қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталса. Сондай-ақ, полицейлер көліктегі барлық адамдарға қауіпсіздік белдігін байлау керек, апат кезінде бекітілмеген жолаушы басқа жолаушыларды, соның ішінде балаларды денесімен ауыр жарақаттауы мүмкін деп атап өтті. Бұл ретте биіктігі 150 см-ден төмен баланы арнайы құралдарды – балалар автокреслосын немесе басқада құрылғыларын пайдаланбай қауіпсіз бекіту мүмкін еместігін есте ұстаған жөн.