Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері отбасылық жанжалқойдан қару тәркіледі

ШҚО полицейлері «Тұрмыс» ЖПІШ барысында отбасылық жанжалқойдан қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады.

ЖПІШ барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында барлығы 374 құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары күн сайын әр түрлі санаттағы есепте тұрған отбасыларды тексерді. Олар қолайсыз отбасы, сондай-ақ отбасы мүшелерінің біріне қорғау ұйғарымы берілген отбасылар. Айта кету керек, 4 күн ішінде 120 отбасылық дебоширге қарсы қорғау ұйғарымдары шығарылды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін 135 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы 9 қараша күні таңертең Шемонаиха полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, күйеуінің үйде жанжал шығарып, оны балағаттағанын жеткізген. Құқық бұзушыға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары ер адамның азаматтық атыс қаруының иесі екенін анықтады. Шығарылған ұйғарымға байланысты азаматтық қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат құжаты тоқтатылып, қару тәркіленді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған тұрмысы нашар отбасылар полицейлердің қатаң бақылауында. Егер ата-аналар баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамаса, құқық қорғау органдары әрекет етуге мәжбүр болады.

Жедел-профилактикалық іс шара кезеңінде кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін облыстың 26 тұрғыны әкімшілік жауапкершілкке тартылды.

26 қолайсыз отбасы есепке қойылды, 1 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға материалдар жолданды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мәселелері ШҚО ПД басшылығының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру