Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны өзгенің дөңгелектерін Астанадан үйіне алып кеткен

Түркістан облысының тұрғыны өзгенің дөңгелектерін Астанадан үйіне алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Түркістан облысының аумағында автомобильдің төрт дөңгелегін ұрлауға қатысы бар 26 жастағы тұрғынды анықтады. Жігіт елордада түнгі уақытта Chevrolet Cobalt автокөлігінен құны 160 мың теңге тұратын дөңгелектерді ұрлап кеткені анықталды.

Біреудің мүлкін өз көлігіне тиеп, күдікті елордадан кетіп қалған. Бірнеше күн ішінде елордалық жедел уәкілдер ұрыны тұрғылықты жері бойынша ұстады. Оның ұрланған дөңгелектерді Қарағанды қаласында кездейсоқ адамдарға сатып жібергені белгілі болды.

Ұсталған жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Түркістан облысының тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру