Түркістан полициясы 7,5 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады
Түркістан полициясы 7,5 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алу бойынша әкімшілік айыппұлдарға қатысты берешегі бар автокөлік құралдарының жүргізушілерін анықтауды жалғастыру
Мәселен Жедел басқару орталығынан полицейлерге «Қорғау» жүйесіне Кia Rio көлігіне қатысты дабыл келіп түсті. Анықталғандай, көлікте 7,5 миллион теңгеден астам берешек болған.
Патрульдік полиция инспекторлары қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған автокөлігін Алматы – Ташкент – Термез тас жолынан анықтап, тоқтатты. Полицейлер автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы түсіндірді.