Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 78 жалған құжат жасау фактісі тіркелді

Павлодар облысында 78 жалған құжат жасау фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейбір азаматтар қандай болмасын құжаттарды да қолдан жасайды. Чектер, куәліктер, сенімхаттар, дипломдар, шарттар, сондай-ақ мөрлер, мөртабандар, сонымен бірге бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Басқалары өздерін оқуға алаңдатпай, орта – арнайы, жоғары білім туралы жалған құжаттарды көп ақшаға сатып алады. 2016 жылы “Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті” КЕАҚ бітіргені туралы жалған дипломды пайдаланудың кезекті фактісі Екібастұз қаласының тұрғынында анықталды.

Тексеру кезінде бұл университет тұрғынға диплом бермегені және 2016 жылғы түлектер тізімінде соңғы тіркелмегені анықталды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Қылмыстық іс Павлодар қаласы ПБ Әуезов ауданының полиция бөліміне берілді. Павлодар облысында барлығы 78 жалған құжат жасау фактісі тіркелді, – дейді Павлодар облысы ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру