Ақтауда демалыс күндері жол қозғалысын бұзған 70 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
Ақтауда демалыс күндері жол қозғалысын бұзған 70 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарады. Желтоқсан айының 1-3 күндері аралығында облыс орталығында жол қозғалысын бұзудың 570 дерегі анықталды.
Жол сақшыларының назарындағы жиі орын алатын құқық бұзушылықтар – көлік құралын масаю күйде басқару, көлік құралын сақтандыру полисі жоқ күйде басқару, көлік басқару кезінде құжаттары жоқ немесе көлікті басқару құқығы жоқ және қауіпсіздік белдігін тақпау, телефон пайдалану секілді құқық бұзушылықтар.
Мәселен мас күйде көлік тізгіндеген 8 жүргізуші ұсталса, 69 жүргізуші көлікті сақтандыру полисі жоқ күйде басқарған. Барлығы үш күнде айыптұраққа 70 автокөлік қойылған.