Түркістан облысының полицейлері 3 мыңға жуық еріктімен бірге іс-шаралар ұйымдастырды
Түркістан облысының полицейлері 3 мыңға жуық еріктімен бірге іс-шаралар ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері облыс бойынша 3 мыңға жуық еріктімен бірге көптеген профилактикалық іс-шараларды атқарып жүр.
Соның бірі Түркістан медицина колледжіндегі ерікті жастардың полицейлермен бірге жол апаттарының алдын алу бойынша жадынама таратқан. Ерікті жастар жүргізушілерге жолда жүру ережесі бойынша арнайы ескерту жазылған жадынама ұсынып, өз қауіпсіздігі үшін ережені сақтауын сұранды.
Жалпы еріктілер іс-шаралардан бөлек адам жоғалу жайттарында да белсенді түрде іздеу жұмыстарына қатысып, тәртіп сақшыларымен бірге талай жандардың үйіне дін аман оралуына себепкер болған.
Жыл басынан бері Түркістан облысында 142 ерікті марапатталды. Сонымен қатар полицейлер халықаралық еріктілер күніне орай еріктілерге көмек көрсеткендері үшін алғыстарын жеткізеді.