Жетісу облысы ПД Тәуелсіздік күнін атап өтті
Жетісу облысы ПД-да Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекені ұйымдастырушылар биылғы жылы жас офицерлерге баса назар аударды. Оларға Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде қалыптасу тарихы туралы баяндайтын патриоттық бейнеролик көрсетіліп, ведомстволық мұражайға экскурсия ұйымдастырылды, онда Жетісу өлкесінің полициясы тарихымен танысты. Сондай-ақ жас офицерлер алдында өңір полициясының басшысы генерал Арман Саданов сөз сөйледі.
– Біздің әрқайсымыз өз еліміздің патриоты болуға, оның қалыптасу тарихын білуге тиіспіз. Мемлекетімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет, – деп атап өтті А.Саданов.
Сондай-ақ Саданов өз сөзінде полиция қызметкерлерінің елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудағы және оның азаматтарының конституциялық қуқықтарын қорғаудағы маңыздылығын атап өтті.
– Сіздер – жас ұрпақ, Қазақстанның барлық жетістіктерінің болашақ қорғаушыларысыздар. Сіздерге осыны есте сақтау керек. Халық сізге көрсеткен сенім үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезіміне бой алдыруымыз қажет, – деп түйіндеді облыстық полиция басшысы.