Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында әйелдер колониясының қызметкерлеріне жаңа үлгідегі портативті бейнетіркегіштер берілді

Абай облысында әйелдер колониясының қызметкерлеріне жаңа үлгідегі портативті бейнетіркегіштер берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД әйелдер колониясының қызметкерлеріне жаңа портативті киілетін бейнетіркегіштер берілді. Құрылғы бейнені нақты уақыт режимінде таратып, жоғары тұрған органдарға қызмет барысындағы бейнежазбаларды тікелей көруіне көмегін тигізеді.

Сенсорлық камераларға орнатылған бағдарлама қызметкерге бейнежазбаларды өз бетінше жоюға, құрылғыны өшіруге немесе орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік бермейді. Сенсорға негізделген бекіту құралы онлайн режимінде қызмет көрсетуді таратуға мүмкіндік береді. Бейнетіркегіштерді қызметте пайдалану үшін қызметкерлер әр уақытта бет биометриясынан өтеді. Арнайы орнатылған бағдарлама қызметкердің деректерін оқып, олар бойынша бейнетіркегіштер қолға беріледі.

– Мекеме қызметкерлерінің киілетін бейнетіркегіштерді кеңінен қолдануы түріндегі цифрландыру сотталғандар тарапынан заң бұзушылықты анықтау бойынша жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік береді, – деді бақылау қызметі бөлімінің бастығы Гүлназ Балтабаева.

Абай облысы бойынша мекемелердің қызметкерлеріне жұмыс істеу үшін барлығы 94 портативті киілетін бейнетіркеуіш берілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру