Қызылордада демалыс күндері жүргізілген рейд барысында 658 құқық бұзушылық тіркелді
Қызылордада демалыс күндері жүргізілген рейд барысында 658 құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері қызметкерлер күшейтілген тәртіпте рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, барлығы 658 оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша – 505, қоғамдық қауіпсіздік бойынша – 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, бір күндік рейдтік іс шара барысында 438 хабарлама тіркелді.
Жол қозғалысы – 505 хаттама толтырылып, 71 автокөлік айып алаңына қойылды. Оның ішінде: алкогольді масаң күйінде – 4, көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 4, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған –15 құқық бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық қауіпсіздік – 153 хаттама толтырылды, оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 3 дүкен сатушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабымен шара қарастырылды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 50 ата-анаға анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен 2 бөлігімен шара көрілді.
Сонымен қатар қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында “КВАДРАТ” іс-шарасы барысында учаскелік полицейлер ЖД вокзал, Өсербаев,Ескі базар, Мерей және Ақмешіт,Титов және Гагарин аумақтарында профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындардың мекенжайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.
Іс-шара барысында барлығы 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша – 2, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольді масаң күйде жүргені) – 4, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орында тиісу) – 6 дерегі анықталды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.