Полицейден қашып, үйінің қақпасына кіріп кеткен көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
Қызылордада жол ережесін бұзып, тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбаған «Лада» автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада 2020 жылдың 9 мамыр күні патрульдеу кезінде полицейлерге Жедел басқару орталығының операторынан Торайғыров көшесінің бойында қауіпсіздік белдігін тақпай, жол қозғалысы ережелерін бұзған «Лада» маркалы көлігіне бағдар берілді.
Дыбыс күшейткіш құралы арқылы полицейлермен тоқтау жөніндегі жасалған ескертулерге құлақ аспаған құқық бұзушы жол қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, орталық көшемен жолын жалғастыра берді.
Полицейлердің заңды талабына бағынбай, жолын жалғастырған жүргізуші үйінің ашық тұрған қақпасы арқылы кіріп кетеді.
Мән-жайларды анықтау үшін 35 жастағы көлік жүргізуші Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізіліп, онда оған қатысты ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2-бөлігіне сәйкес (қауіпсіздік белдігін пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), 595-баптың 1-бөлігімен (маневр жасау қағидаларын бұзу), 602-баптың 1-1 –бөлігімен (сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану қағидаларын бұзу), 613-баптың 1-бөлігі бойынша (ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамау) әкімшілік хаттамалар толтырылды.