Елде ұрлық-қарлық 50%-ке азайды
Елде ұрлық-қарлық 50%-ке төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді: ұрлықты қайталап жасау — ауыр қылмысқа жатады. Бұдан былай ол — тараптардың татуласуына жол бермейді.
Сондай-ақ, ІІМ бастамасымен бұрын қолданыста болған автобөлшектерді сатуға қатысты ішкі сауда ережелері де өзгеріске ұшырады. Олар тауарды тапсырған тұлғаны көрсете отырып, міндетті түрде шарт жасасып, мамандандырылған дүкендерде ғана сатыла алады.
Мал ұрлығы жағдайларын төмендету үшін ҚР ҚК-не жеке бап енгізілді. Бұдан басқа, Ұлттық Банкпен бірге ломбардтарға арналған ережелер әзірленді. Ендігі жерде олар ұрланған заттарды қабылдап, өткізуге жол бермейді.