Степногор қаласында аялдамаға «бомба қойған» ер адам ұсталды
Степногор қаласында аялдамаға «бомба қойған» ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 10 мамырында сағат 13:00-де Степногорск қ. ПБ кезекші бөліміне ұялы нөмірден ер дауыспен 5-шағын ауданда аялдама миналанғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Полиция қызметкерлерімен тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, ол 2019 жылы осыған ұқсас қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған болатын.
Оған қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.