Алматы облысында заңсыз марал аулаған тұрғын ұсталды
Алматы облысында заңсыз марал аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 9 мамырында Кеген ауданының ПБ-не 63 жастағы Алматы қаласы тұрғынының Кеген ауданы Саты ауылына қарасты жерде заңсыз аңшылық жасағандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
– Алматы қаласының тұрғынынан аңшылық мылтығы, аңның етіне ақ түсті үш дана қапқа салынған ет заттай дәлелдеме ретінде алынды. Және оның жүргізуіндегі “Toyota Tacoma” маркалы автокөлігі айып тұрағына қойылды. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, өзінің аталған мылтығымен бір бас марал аңын атып, сойып алғанын айтып берді. Тәркіленген заттық айғақтар сараптамаға жіберілді. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейді, – деді Кеген АПБ бастығы Ерлік Стамшалов.
Қазіргі уақытта тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.