Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алғыс айту күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ардагерлері де тыс қалған жоқ

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде №37 және №60 мекемелердің қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осындай алғыс алған жандардың бірі – Молдаш Бөгенбай.

Молдаш Бөгенбай ІІО-да 40жыл қызмет еткен. Ол 1980 жылы ҚазҚРО ІІМ Батыс Қазақстан көліктік милиция басқармасының Қызылорда станциясының ІІЖБ-де қатардағы милиционерден бастап, ҚР ІІМ басқармасының бастығы қызметіне дейін қол жеткізіп, қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан отставкадағы полиция полковнигі. Ішкі істер басқармасы және ұлттық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының гвардиясы және РҚБ, «Ерекше қауіпті жауынгерлер» РҚБ және «Невада-Семей» ӘДҚ КОФ кеңесшісі болған.

Мекеменің кадр саясаты тобының қызметкерлері Д.Оспанов пен  З.Бостанова ардагердің үйіне арнайы барып 1 наурыз Алғыс айту күнімен мекеме ұжымының атынан құттықтап, естелікке сыйлық табыстады.

Барша ардагерлерге ризашылықтарын білдіріп, мекеме басшысы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы тарапынан алғыс хат табысталды. Мекеме басшысы ардагерлермен емен-жарқын сұхбаттасып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызмет жолдарын еске алып, мерекеден мерекеге аман жетуін тілеп, алғысын айтты.

ҚАЖ қызметкерлері ардагерге ҚАЖ саласының дамуына қосқан үлесі үшін, қазіргі өсіп келе жатқан жастарға жақсы тәрбие бергені және сіңірген еңбегі үшін рақметін айтып, сіздерге қамқорлық жасау біздің міндетіміз. Сіздерге ұзақ ғұмыр тілейміз! – деп жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру