Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ ішкі істер органдарының тарихи мұражайларына бейне-экскурсиялар өткізеді

ІІМ ішкі істер органдарының тарихи мұражайларына бейне-экскурсиялар өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында “Бір экспонаттың тарихы”жобасын іске қосты.

Бұл – ішкі істер органдарының мұражайларын бейне-экскурсиялар арқылы таныстыру.

Көптеген экспонаттар – тәркіленген қару, қолданылған киім үлгісі мен арнайы құралдар, ертедегі қылмыстық істердің материалдары және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған басқа да көптеген заттар үлкендерді де, балаларды да бей-жай қалдырмайды.

Әрбір экспонаттың тарихы бандитизм және қылмысқа қарсы күрес, қоғамда үлкен шу туғызған қылмыстарды ашу, өз халқының қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауда өз өмірлерін құрбан еткен адамдардың ерлік істері туралы баяндайды.

Экскурсоводтар қатардағы полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі, сондай-ақ тарихи маңызы бар оқиғалар туралы әңгімелеп береді.

Бірінші бейне-экскурсияны ІІМ-нің ғимаратында орналасқан Қазақстанның ішкі істер мұражайына жасауға болады.

Жалпы алғанда, облыстық және көліктегі полиция департаменттерінде, Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында 134 мұражай және мұражайлық бөлмелер жұмыс істейді.

Мұражай меңгерушілері сандар мен фактілер арқылы виртуалды көрермендерге өткен күндердің батырлары туралы естеліктер ұсынады.

Ұсынылатын фото, мұрағаттық құжаттар, қару және ордендер, кітаптар мен киім-кешектер – өткен онжылдықтардың жәдігерлері көрермендерге өте көп мәлімет бере алады.

Мысалы, “Бір экспонаттың тарихы” жобасының бірінші шығарылымында көрермендерге Алматыда бизнесменнің ұрлануына қатысты оқиғаны әңгімелейді. Осы ауыр қылмыстың алдын алған полицей Елдос Әбдірахымов кәсіби іс-әрекеті үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қолынан мемлекеттік марапат алған.

Барлық материалдар әлеуметтік желілерде және www.polisia.kz сайтында орналастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру