Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкері ардагер атасы туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті

Нұр-Сұлтан қаласының ҚАЖ департаментінің қызметкері Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы туралы естеліктерімен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саналы ұрпағына сансыз көп тер төккен менің атам – Қалиакпар Қыздарбеков.

Маған атамның бейнесі есімде тек фотосуреттер арқылы  қалды, бірақ аға буынның айтуынша ол кісі өте абыройлы, көрегенді, білімді және өжет кісі болған.

Орта бойлы, қызыл шырайлы, атжақты, қыр мұрынды,  дауысы қатқыл болған екен.

Атам Қыздарбеков Қалиакпар 1920 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы 10-шы ауылда дүниеге келген екен. 1937-1939 жылдар аралығында Қызылжар ветеринарлық техникумын оқып тамамдаған. 1939 жылы әскерге шақыртылған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып әскер қатарынан соғысқа аттанған. Ресейлік ӘМ Орталық мұрағатынан, сайт беттерінен алынған мұрағаттық деректерге сәйкес атам соғыста арттелерияда орудие командирі, жау тылында барлаушы қатарында болып майдан даласында ерлікпен көзге түскен. Ол кісі Украина, Белорусь елдеріндегі фронтта, Днепр жағалауындағы сұрапыл шайқасқа қатысқан. Соғыс алаңында көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше медаль ордендермен марапатталған.

КССР Жоғарғы Президумының атынан батылдығы мен ерлігі үшін “Отечественная война” 1-дәрежелі орденімен 1945 жылдың 26 мамырында  №032 бұйрығымен марапатталған.

Мұрағат беттерінен: “Старший сержант Киздарбеков в боях за овладение городом Моровские острова, работая старшим разведчиком, совершил следющий подвиг: Продвигаясь с разведчиком Фиклистовым непостредственно в боевых порядках пехоты, давал корректировку огня, он заметил группу немцев. С гранатами и автоматами на готове он вместе с Фиклистовым бросился на немцев с двух сторон. Немцы неожидавшие нападения подняли руки вверх. 32 гитлеровцев были доставлены отважными воинами в штаб стрелкового батальона и сданы.

За мужество проявленное в бою “пленение 32-х немцев” старший сержант Киздарбеков представляется к правительственной награде Ордену “Отечественной Войны первой степени” (текст сол қалпында).

Ұрпағы үшін осы ерліктің орны бөлек. Атамның ержүректігі бас игізеді.

Атамның сұрапыл соғыста көрсеткен ерліктері туралы жазбай кету мүмкін емес. Мысалы 1944 жылдың шілде айында №011/Н бұйрығымен “За отвагу”медаль берілген.

Бұл марапаттары жалғаса береді “Отечественная война” 2-дәрежелі орден, “Красная звезда” ордені, “За оборону Советского Заполярья”, “За победу над Германией”, “За Победу над Японией” медальімен марапатталған. Атам бірнеше рет барлаушы қатарда жау тылындағы рейдтерге қатысып диверсиялық әрекеттердің алдын алған, бұл туралы деректер мұрағат беттерінде көрсетілген. Атам соғыстағы жолын 1945 жылы Берлинді азат ету, одан Японияны азат ету соғысына қатысқан. 1947 жылы елге аман-есен оралған.

Осындай наградалары бола тұра Атам ешқашан менменсінбей аман қалғаны үшін тағдырына ризашылығын білдіретін.

Соғыстан кейінгі жылдары атам Қызылжар педтехникумын физика-математика мамандығы бойынша тәмамдап, Шолақеспе (қазіргі атауы Айғыржал ауылы) колхозында ұстаздық еткен. Ленин колхозында парторг лауазымында болған. 1962 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентіне көшіп келіп мектеп директоры болған. Ол өзінің уақытын бейбіт елінің ұрпағына білім беруге арнаған.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерлі  әрқашан біз үшін қажырлық пен даңқтың үлгісі.

Заман ауысып, уақыт өткен сайын сұрапыл соғыста Отан үшін отқа күйген ата-әжелеріміз үлкен өнеге, ерлік пен қайсарлықтың символы деп атам туралы әсерлі естелікті аяқтағым келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру