Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметкерлері сотталғанға әлеуметтік көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметкерлері сотталғанға әлеуметтік көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің негізгі бағыттарының бірі – есепте тұратын сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

Әлеуметтік-құқықтық көмек сотталғандарға білім алуға,  жұмысқа тұруға,  мамандық алуға, медициналық  және құқықтық көмек алуға көмек көрсету.

Ағымдағы жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Байқоңыр аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталған Олесяға қатысты жеке бағдарлама толтырылып, Нұр-Сұлтан қаласы “Достық” алғашқы медициналық-санитарлық мекемесінде тегін медициналық қаралуға көмек көрсетілді. Оның ішінде хирургтан тексеруге жолдама алып және тұрғылықты мекен жайы бойынша емханаға тіркеуге қойылды.

Болашақта осы емханада тұрақты түрде қаралуға мүмкіндігі бар. Осындай бағдарламалар сотталғандарға оң әсер етіп, болашақта түзелуіне және қайта қылмыс жасамауына ықпалын тигізеді. Бұл сотталғандарға оң әсер ету тәсілдерінің бірі болып табылады. Осындай әрекеттер арқылы қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарды қоғамдық ортаға бейімделуіне көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру