Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада пробация есебіндегі сотталғанға іздеу жарияланды

Елордада пробация есебіндегі сотталғанға іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Бірақ сотталған пробация қызметіне ескертпей, тұрғылықты жерін өзгертіп, пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген.

Алғашқы іздестіру іс-шаралары барысында сотталғанның тұрған жері анықталмаған. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының ұйғарымымен пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін сотталғанға іздеу жарияланды.

Алдағы уақытта пробация қызметі жоғарыда аталған сотталғанға қатысты тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру