Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер “Қамқорлық” орталығындағы отбасылармен кездесті

Қызылордада полицейлер “Қамқорлық” орталығындағы отбасылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашада Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен “Ана үйі” қоғамдық қоры және дағдарыс орталықтары бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, ҮЕҰ жанынан ашылған “Қамқорлық” дағдарыс орталығында бейімделіп жатқан әйелдер арасында жыл сайын өткізілетін “Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні” аталып өтті.

Қазіргі таңда “Қамқорлық” дағдарыс орталығында 16 әйел балаларымен уақытша паналауда.

Орталықта бейімделушілерге өткізілген науқанның мақсаты – әйелдер мен балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру