Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйелді анықтады

Шымкентте полицейлер дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашада Абай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші өз арызында оның азық-түлік дүкеніне сағат 16:00 шамасында белгісіз тұлға ұрлыққа түскені туралы жазған. Айтуынша, дүкен ішіндегі сөрелерден жалпы құны 10 000 теңгенің заттарын жымқырып, байқатпай ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Абай АПБ Криминалды полиция бөлімі қызметкерлері ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Осылайша, тәртіп сақшылары ұрлық жасаған азаматшаның мекенжайын анықтап, басқармаға жеткізді.

Тергеу барысында ол дүкеннен зат ұрлағанын толық мойындап, үйінен ұрланған азық-түліктер айғақты зат ретінде алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру