Павлодар облысында шағын автобусқа қосымша орындықтар орнатып алған жүргізуші анықталды
Павлодар облысында шағын автобусқа қосымша орындықтар орнатып алған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 желтоқсанда “Автобус” ЖАІШ рейдтік іс-шаралары барысында Павлодар ауданының жол және техникалық инспекциясының қызметкерлері республикалық маңызы бар Павлодар-Успенка трассасында Павлодар-Успенка бағыты бойынша қатынайтын рейстік шағын автобусты тоқтатты.
Салонды тексеру кезінде жолаушыларды тасымалдау ережелерінің бұзылуы анықталды. 40 жастағы шағын автобустың жүргізушісі салонда қосымша орындықтар орнатып алған.
Тәртіп сақшысы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасады.