Шымкентте әйел сүйіктісіне көмектесемін деп қалтасынан қағылды
Шымкентте әйел сүйіктісіне көмектесемін деп қалтасынан қағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 желтоқсанда Абай АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Хабарлауынша, көңіл жарастырып жүрген жігітіне әлеуметтік жағдайын оңалту үшін өз атынан несие алып берген, бұдан бөлек қолындағы жеке ұялы телефонын ломбардқа өткізіп, одан түскен 250 мың теңгені ақшалай қолма-қол берген.
28 жастағы азаматша алаяқтық жолмен алынған қаражатын әлі қайтара алмай жүргенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 2,2 млн теңге.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.
Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.