СҚО-да қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар жазасын өтеуде
СҚО-да қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар жазасын өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, пробация қызметі сотталушының тұрғылықты жері бойынша сот тағайындаған қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Сотталғандар қоғамдық жұмыстарға қатысады, олар арнайы дайындықты қажет етпейді. Көбінесе аймақтарды абаттандырады. Жұмыс ақысыз, өйткені – бұл теріс қылықтар немесе жеңіл қылмыстар үшін жаза. Алайда жергілікті атқарушы органдардың көмегінсіз жазаның бұл түрін орындау мүмкін емес.
Қажетті жұмыс көлемін солар анықтайды, объектілірді ерекшелейді, жұмыс уақытының есебін жүргізеді. Тазалау жұмыстары қыста өте маңызды, өйткені жыл қалын қармен басталды. Сондықтан негізгі құрал – үлкен қар күрек.
Қоғамдық жұмыстарға және мәжбүрлі еңбекке тартылған барлық сотталғандарды пробация қызметкерлерімен бірге қала әкімшілігіне ертіп барады, сонда олар жұмысты орындауға жауапты мамандарға жазаны одан әрі орындау үшін жіберіледі.
Мамлют қаласы әкімінің аппараты және селолық округтарының мамандары уақыт кестесін жүргізеді, сотталушының тәртібі туралы хабарлайды, орындалған жұмыс актілерін жасайды.
Пробация қызметкерінің әр күні сотталушылардың жұмысқа келгенін анықтау үшін әкімдікке қоңырау шалудан басталады. Әкімдік қызметкерлері жұмысқа келмегендігі және кешігу, еңбек тәртібін немесе ішкі тәртіп ережелерін бұзу туралы жедел хабарлайды. Әкімдіктің қызметкерлері күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін сотталушылар өздерінің үақыт парақтарына қол қояды, осылайша әрбір қосалқы шотта жұмыс істеген уақыты мен мерзімі аяқталғанға дейін қалған сағаттар туралы ақпарат болады.
Жалпы Мамлют ауданының пробация қызметі бөлімінің жазбалары бойынша 9 жазасын өтеуші бұл жаза түрінен өткен. Пробация қызметінде орындау кезінде қиындықтар туындамайды, барлық ағымдағы мәселелер жергілікті атқарушы органдармен жұмыс тәртібінде шешіледі.