Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы СҚО ҚАЖД-ға қарасты мекемеде 1500-ден астам кездесу өткізілді

Өткен жылы СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде 1500-ден астам кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы көптеген өлшем бойынша адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінің 106-бабына сәйкес Сотталғандарға ұзақтығы екі сағат қысқа мерзiмдi, мекеме аумағында ұзақтығы екі тәулiк ұзақ мерзімді кездесулер берiледі. Сотталғандарға олардың өтiнуi бойынша ұзақ мерзімді кездесудi – қысқа мерзiмдi кездесумен, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен берілетін ұзақ мерзімді кездесудi – мекеменің шегінен тыс шыға отырып, қысқа мерзiмдi кездесумен ауыстыруға рұқсат етiледi. Кездесулерді біріктіруге не бөлуге рұқсат етілмейді. Сотталғандардың білікті заң көмегін алуы үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі.

Осылайша, 2023 жылдың 12 айында СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінің сотталғандарына туыстарымен 1605 кездесу берілді, оның ішінде 517 ұзақ және 1088 қысқа мерзімді кездесу.

Ұзақ кездесулер өткізу үшін №48 мекемеде сотталғандардың отбасыларымен және туыстарымен бірге тұруы үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген арнайы жабдықталған бөлмелер бар. Бұл заманауи жиһаздары, гарнитурасы және теледидарлары бар шағын жатақханаға ұқсайтын жайлы бөлмелер. Сотталған азаматтар жақындарымен кездесетін күнді асыға күтеді. Мұндай кездесулер оларға таптырмас мотивация екені сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру