Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация қызметкерлері есепте тұрған 130 адамды тексерді

СҚО-да пробация қызметкерлері “Көмек қолы” іс-шарасы аясында есепте тұрған 130 адамды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі пробация субъектілерімен, прокуратура қызметкерлерімен және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп “Көмек қолы” іс-шарасын өткізді, оның барысында есепте тұрған тұлғаларды аулалық аралау жүзеге асырылды. Іс-шараның мақсаты – қайталама қылмыс жасауға бейім, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық немесе өзге де көмекке мұқтаж, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді атқармайтын, әлеуметтік осал сотталғандарды анықтау.

Барлығы 130-дан астам есепте тұрған тұлға тексерілді, жоғарыда аталған санаттар бойынша 13 бұзушылық анықталды. Барлық мұқтаж жанға жұмысқа орналасуға, әлеуметтік-құқықтық көмек алуға қажетті көмек көрсетілді.

Аталған іс-шара барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған және Петропавл қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі тарапынан көмекке мұқтаж А есімді сотталғанның отбасы тексерілді. Сотталған А әкесімен, әпкесімен және оның 2020 және 2023 жылы туған екі жас баласымен бірге тұрады. Балалардың жеке басын куәландыратын құжаттары (туу туралы куәлігі) жоқ, балабақшаға бармайды. Отбасыда жайлы тұруға қажетті жағдайлары жоқ (тоңазытқыш, азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім), үйдің бір бөлігі апатты жағдайда. Балалардың анасы жұмыс істемейді, сотталған азамат алкогольді ішімдіктерге бейім. Қазіргі уақытта ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуде.

Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері әкімдіктің қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесіп балаларды медициналық тексеруге және оларға қажетті медициналық көмек көрсетуге жіберді. Кейін олар уақытша Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына рәсімделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру