Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Зейнетақы қорынан ақша шығарып беремін”: шымкенттікті алдап соққан әйел құрықталды

Зейнетақы қорынан ақша шығарып беремін деп тұрғынды алдап соққан шымкенттік әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы өзінің зейнетақы қорында жиналған 15 млн теңге көлеміндегі ақшасын аз мерзімде шешіп беремін деп сендірген. Осылайша тұрғынның алдын ала 500 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған. Бірақ уақыт өте танысы келісілген уәдесін орындамаған, не ақшасын қайтармаған.

Аталған жайтты ашу мақсатында Әл-Фараби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тұрғынның ақшасын иемденген азаматшаның жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, ұсталған әйел арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда азаматшаға қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру