Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

10 жылдағы есірткінің рекордтық салмағы және СҚО-дағы есірткі бизнесіне қарсы күрестің өзге нәтижелері туралы

СҚО ПД бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Асқар Мұхаметқалиев есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша жыл қорытындысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 272 құқық бұзушылық анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 фактіге көп. Оның ішінде 115 есірткіні өткізу фактісі және аса ірі мөлшерде сақтаудың 9 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 739 келі 486 грамм түрлі препарат тәркіленді, оның ішінде 694 келі марихуана, 24 келіге жуық гашиш және 2,5 келі синтетикалық препарат бар.

2023 жылы соңғы 10 жылдағы есірткінің ең үлкен партиясы тәркіленді – салмағы шамамен 600 келіні құрайды, оның 20 келісі гашиш, қалғаны марихуана.

Сондай-ақ Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, қаңтар айынан бастап облыста 3 фитолаборатория және синтетикалық есірткі өндіретін 1 нарколаборатория анықталды. Халықпен өзара іс-қимылды кеңейте отырып, СҚО полицейлері “Қазақстанның болашағы үшін” қоғамдық студенттік бірлестігімен бірлесіп, Telegram-да t.me/sko_narkohelp_bot анонимді чат-боты іске қосылды.

– Қазан айынан бастап оған “есірткі дүкендерінің” жарнамасы және жасырын қойып кетуді ұйымдастыру туралы 36 хат келіп түсті, бұл факт бойынша жедел ұстау шаралары жүргізілді. Нашақорлықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн. Қаңтар айынан бастап полиция қызметкерлері 785 профилактикалық іс-шара өткізді, олардың аудиториясы 50 мыңнан астам жас қоғамды құрады. Халықты ақпараттандыру – маңызды міндеттердің бірі, өйткені нашақорлық пен есірткі бизнесін полиция мен қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана жеңуге болады, – деді Асқар Мұхаметқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру