14 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Ақтөбе қаласында жеңіл автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 мамыр сағат 15.00-де «Рено Дастер» автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі «Авиагородок» шағын ауданында №19 үйге қарама-қарсы келе жатып, ҚР ЖҚЕ бұзып, 2006 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың басынан бері балалардың қатысуымен 25 ЖКО болды, онда 26 адам зардап шекті және бір бала қаза болды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге өтініш білдіреді; автокөлік – аса қауіпті құрал екенін есте сақтау керек. Сондықтан, автомобильді басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдау, жол, метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығумен байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.
Сонымен қатар, ата-аналар балаларды жолда, көлікте қалай жүру керектігін, жолды қайда өту керектігін, қауіпті жерлерде қалай ұстау керектігін еске түсіруі тиіс. Сіздің және сіздің балаңыздың киімдегі жарық қайтарғыш элементтер мен құралдарды пайдалануына жеке назар аударыңыз.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды көшеде қараусыз қалдырмаңыз. Бала үшін қауіпсіз мінез-құлықтың үлгісі болыңыз.
Мектеп демалысы қауіпсіз болсын және сіздің балаларыңызға тек жағымды эмоциялар әкелсін!
Жол жүру ережелерін сақтаңыздар! Өзіңді және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қорғаңыз!