Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сәнді киім сыйлады

Алматы қаласы Бостандық ауданы тәртіп сақшыларының №1 балалар үйіне кезекті сапары “Жақсылық барлығына қолжетімді” қайырымдылық науқаны аясында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Балалардың көптен күткен мерекесі – Балаларды қорғау күні әдеттегідей №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге өткізіледі. Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері бұған үлкен дайындықпен дайындалуда: жеке қаражаттарынан олар балаларға қажетті заттар мен мектеп бітіруші оқушыларға арналған киімдер мен костюмдер сатып алды. Бүгін біз балаларға барып, сыйлықтарды ұсындық. Сонымен қатар, бүгін біз, көп балалы отбасылардың балаларына бардық. Оларды тәттілермен еркелетіп, өлеңдерін тыңдап, билеріне қол шапалақтадық. Шынайы қуаныш, күлімсіреу, ләззат – өмірде бұдан артық не жақсы болуы мүмкін. Мереке құтты болсын балалар! Мықты денсаулық, бақыт және жақсы көңіл-күй !!! Сіздер – біздің болашағымызсыздар!, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының басшысы Даурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру