Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетімдер үйінде болашақ полицейлер өсіп келеді

Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару-жүйесінің жеке құрамы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төлеби ауданы 1-Мамыр ауылында орналасқан «Жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз калған балалар» үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Балалар үйіндегі 62 бүлшіршінге тәтті тағамдар, жазғы киімдер мен олардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық құрал-жабдықтар табыс етті.

– Қазақ жетімін жылатпаған халық. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Осы себепті біз олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз арта түседі, – дейді департамент басшысы Талғат Абдранбаев.

Осы балалар үйінде тәрбиеленушілер арасында 9 сынып оқушысы Еркін Махмутжанов келешекте құқық қорғау органдарында қызмет еткісі келетінін және қазіргі күннен бастап спортпен айналысып, сол салаға дайындалып жатқандығы туралы сондай-ақ алға қойған мақсаттарымен ҚАЖ департамент басшысымен ой бөлісті.


1950 жылдан бастап – 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. Бұл күн демалыс күніне сәйкес келмей қалса да нағыз мерекеге айналады. Барлық жақсы нәрселер тек, соларға ғана арналады. Осы мерекені тойлаудың басты міндеті – жұртшылық назарын проблемалы балаларға, олардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде қалыптасуына үлес қосу болып саналады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру