Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

16 жастағы жасөспірім Степногорск тұрғынының атынан екі онлайн-несие рәсімдеді

16 жастағы жасөспірім Степногорск тұрғынының атынан екі онлайн-несие рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Ер адам алаяқтық туралы хабарлады.

Осы жылдың 22 қазанында 16 жастағы бұрынғы танысы өтініш берушінің телефонындағы банк қосымшасына еркін кіріп, оның атына онлайн несие рәсімдеп, бүкіл соманы өзінің банктік картасына аударғаны анықталды. Шығын сомасы 1 млн. 278 мың теңгені құрады.

Екі аптадан кейін кәмелетке толмаған бала өтініш берушіге басқа банкте 200 мың теңге сомасына онлайн-несие рәсімдеді. Мойындау айғақтары бар.

Бұл факт 190-баптың 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Ата-аналардың кепілгерлігі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру