Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жастағы ақтөбелік басқару құқығынсыз көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасады

Ақтөбе облысында жүргізуші көлікті басқару құқығынсыз жол-көлік оқиғасын жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде күні сағат 23.20-да Қандыағаш қаласында “Ваз-2109” автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесі бағытында Торайғыров көшесінің жолын кесіп өтіп, екінші жолаққа шығып, келе жатқан көлік құралына жол бермей, 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Тойота-Камри” автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы қорытындысында “Ваз-2109” автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен Мұғалжар ауданының (Қандыағаш қ.) орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ, “Ваз-2109” көлік жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру