Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2020 жылы Алматы қаласының полициясына 636 мыңнан аса қоңырау келіп түскен

2020 жылы Алматы қаласының полициясына 636 мыңнан аса қоңырау келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері күн сайын, тәулік бойы полицияның “102”  телефон нөмірі бойынша ақпарат алады, қаладағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылайды, қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларға жедел әрекет ету үшін қызметтер мен бөлімшелердің әрекеттерін үйлестіреді.

– ПД ЖБО-ның штаттық саны 69 қызметкерден тұрады.  Қала Әкімдігінің қолдауымен “Алматы қаласының бейнебақылау жүйелері” жобасы жүзеге асырылуда.  Жоба аясында қалада 1 мың цифрлық бейнекамера орнатылды, оның 120-сында күзет бейнеаналитика функциясы бар.  Жоба мониторинг Орталығын құруды, кез-келген бейнекамералардан ақпараттар шығару үшін ЖБО мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ, бейнекамералар түсірген оқиғаларды тіркеу және түзету үшін ЖБО бағдарламалық жасақтамасын қайта қарауды қарастырады, – деді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.


“Адамдар көп жиналатын орындарға арналған бейнебақылау жүйес” жобасын іске асыру барысында ПД ЖБО заманауи бағдарламалық қамтамасыздандырумен қамтамасыз етіледі, ол әртүрлі бейнебақылау жүйелерінен дабылды автоматты режимде қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді, бұл камераларды барынша жедел басқару Орталығына біріктіреді.

– Сонымен қатар, келісім бойынша “102” Call-орталығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қала Әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы  14 жұмыс орнында тәулік бойы ауысыммен жұмыс жасайтын “102” операторларын ерікті жалдаумен 38 қызметкерді қамтамасыз етеді.  2020 жылы ПД ЖБО-ның  “102” телефон нөміріне 636 мың 174 қоңырау келіп түсті, – деп түйіндеді Квашнин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру