21 жастағы тараздық тұрғын үйлердің кіреберісінен велосипед ұрлаған
Таразда велосипед ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамызда полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің кіреберістерінен велосипед ұрлағаны үшін Тараз қаласының шағын ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында қаскүнемнің түнгі уақытта тұрғындардың ұйықтап жатқан және үйлердің кіреберістеріндегі жеке мүліктеріне қырағылық танытпаған кезінде жасағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.