Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда тұрғынды ұрып, көлігін айдап кеткен бұзақыны полицейлер ұстады

Таразда полицейлер бұзақылық жасаушыны “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамыз сағат 13:00-де Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны үйіне бара жатқан кезінде белгісіз адамның дене жарақатын келтіріп, жәбірленушінің “Lexus” маркалы автокөлігіне отырып, қылмыс жасалған жерден қашып кеткендігі туралы арызданған.

“Ізін суытпай” полиция қызметкерлерімен іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының ПБ ЖБО бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы облыс орталығының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Lexus” маркалы автокөлік анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру