Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда автокөлік ұрлаған ұры ұсталды

31 тамызда полиция қызметкерлері Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында барлық ұрлықтың түнгі уақытта тұрғындардың үйлерінің кіреберістерінің жанында тұрған автокөліктерде жасалғаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскүнем дөңгелектерді, қалпақтарды, автомагнитолаларды, сондай-ақ машинаның артқы бөлігіндегі заттарды олжалаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды күзетілетін автотұрақтарда (тұрақтарда), гараждарда немесе күзетілетін нысандарда автокөліктерін қалдыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру