Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды

Таразда дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараздық полицейлер ВАЗ21703 маркалы көліктің жүргізушісі Жәнібек пен Керей хан ескерткіштеріне жақын жерде дрифт жасаған видеоны анықтады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көлік жүргізушісін анықтап, ұстады.

Облыс орталығының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз көлік құралын басқару), Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-бабы 1-бөлігі ( Жолдарды бүлдіру), 596-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері экстремалды жүргізуді ұнататындарға жолдағы мұндай мінез-құлықтың қолайсыз екенін, ойланбай істелген әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Тәртіп сақшылары күн сайын түрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру