Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Жетісуда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдеу жүргізген полиция қызметкерлері "SsangYong Kyron" автокөлігін тоқтатты. Рөлде 43 жастағы азамат болған.

Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.

Аталған құқық бұзушылық бойынша азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарудың 590 дерегі және медициналық куәландырудан өтуден бас тартудың 14 фактісі тіркелген.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру